Біз кз

БАЛАЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫНА 317,0 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛДЫ

2022 жыл «Балалар жылы» болып бекітілгені белгілі. Осы орайда, балалар денсаулығын жақсартуға және Жамбыл облысындағы балалар медицинасына қатысты деректерді назарларыңызға ұсынамыз.
– Жамбыл облысында 2022 жылдың ақпан айына дейін 204 бала коронавирус індетімен ауырды.
– Бүгінде облыс көлемінде 12-17 жас аралығындағы 69399 бала I турмен және 17434 бала II турмен вакцинациялаудан өтті.
– Балалардың денсаулығын жақсартуға арналған Елбасы қорының «Қамқорлық» бастамасы жүзеге асырылуда. Оның негізінде Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының базасында туа біткен және жүйке жүйесінің аурулары бар барлық науқастарға оңалту емін алу үшін орталық ашылған. Орталыққа 18 жасқа дейінгі пациенттер қабылданады.
(BIZ: Өткен жылы бұл орталықтың жұмысымен Дариға Назарбаева арнайы келіп танысқан болатын. Фото сол сапардан)

– Шу аудандық орталық ауруханасы кешенінде «Қамқор» оңалту орталығын ашу жоспарланған. Қазіргі уақытта сыртқы құрылыс жұмыстары аяқталып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
– Неврологиялық, нейрохирургиялық және травматологиялық аурулары бар балаларды емдеу үшін 28 маман біліктілігін арттырды.

– Ерте араласу орталығын Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасының базасында ашу аясында жұмыстар жүргізілуде. Орталықты ұйымдастыру үшін қажетті жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттары әзірленді. Қазіргі таңда конкурстық рәсімдер басталуда.

– Жамбыл облысы бойынша онкологиямен ауыратын 107 бала бар. Негізгі емі – химиотерапия. Олар оперативті емді Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында алады. Қолдаушы емін тұрғылықты жері бойынша жалғастырады. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде аумақтық емханалар бойынша дәрілік заттармен тегін қамтамасыз етіледі.

– Балаларды тегін дәрі-дәрмек, дәрумендермен қамту үшін Жамбыл облыстық мәслихатының шешімі бойынша 317,0 миллион теңге қаражат бөлу қолдау тапты. Жасы 18-ге толмаған балалар (аурудың 15 түрі – ювенилдік идиопатияық артрит, жүйелік түрі, Үдемелі жүйелі беріштену, Крон ауруы, Бастапқы иммунтапшылықтары, СМА және Дюшенн бұлшықет дистрофиясы т.б.) арасында 22 бала 126 228,00 млн теңге сомасына дәрілік заттармен қамтамасыз етілді. Сонымен бірге, буллезді эпидермолиз диагнозыме ндиспансерлік есепте тұратын науқастар үшін (жалпы-6 науқас оның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар – 3) дәрілік заттар мен таңу материалдарымен 71 566,0 млн теңгеге қамтамасыз етілді.

– Балаларды емдеу санаторийлеріне тегін жолдамамен жіберу әрбір өңір үшін бөлінген жолдамалар санына және келу кестесіне сәйкес МСАК ұйымдарында диспансерлік есепте тұрған балалар қатарынан жүргізіледі. Жолдама бойынша жіберілетін балалардың жас санаты: 3 жастан 14 жасқа дейін. Балаларды іріктеу және жіберу санаторийдің бейініне жататын расталған диагноздарға сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады.

– Босандыру ұйымдарында маман тапшылығы бар. Мысалы, Талас ауданында неонатологтар жоқ. Жамбыл, Байзақ, Сарысу аудандары да солай. Аудандарда балалар анестезиолог-реаниматологтары жоқ, көмекті ересек мамандар көрсетеді. Балалар мамандары (пульмонологтар, кардиологтар, неврологтар және т.б.) жоқ, кеңес алу/емдеу үшін балалар облыс орталығына жіберіледі. Балаларға арналған жабдықтардың тапшылығы, әсіресе ауылдық жерлерде: тасымалданатын рентген аппараттары, тасымалданатын УДЗ аппараттар, КОС-аппараттар жоқ. КСВП аппараты болмаған соң, облыс бойынша балалар Алматы қаласына толық зерттеуге жіберіледі. Барлық ОАА сараптамалық кластағы УДЗ аппараттарымен қамтамасыз етілмеген (тек 4 ауданда бар).

Деректі облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев ұсынды.

Фото zhambylnews сайтынан алынды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.