Біз кз

ТЫҢАЙТҚЫШ ПЕН ТҰҚЫМ БАҒАСЫ 2 ЕСЕДЕН АСА ӨСКЕН

Биыл минералды тыңайтқыштар мен тұқымдардың бағасы өткен жылмен салыстырғанда 2 және одан да көп есе өскен. Сондай-ақ, қазірдің өзінде қуаңшылықтың салдары агроқұрылымдардың жағдайын одан сайын қиындатып отырған жайы бар.
Депутаттар бұл мәселелерді шешудің бірқатар тетігін ұсынады. Олардың қатарында:
«Бірінші. Басым дақылдарды айқындау және оларды нақты қажеттіліктер бойынша қаржыландыру.
Екінші. Тыңайтқыштарды субсидиялау нормаларын фермерлердің нақты қажеттіліктері бойынша реттеу.
Үшінші. Тұқым ісін субсидиялау тәсілдерін қайта қарау, субсидиялардың нақты нормаларын ұлғайту, нарықтық бағалардың өзгеру болжамымен оларды неғұрлым жедел өзектендіру.
Төртінші. АШМ және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ көктемгі егіс жұмыстарына жұмсалатын шығындарына қаржыландыруды ұлғайту және минералды тыңайтқыштар мен тұқымдар бағасының өсуін ескере отырып, субсидиялық қаржыландыру көлемін ұлғайту».

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.