Біз кз

«СЫЗДАУЫҚ»

Әкімдердің орны қашанғы ауыса береді?

Нұржан Календеров беріректе облыс әкімінің орынбасары болды, сосын Шу ауданына әкім болды, сосын қайтадан облыс әкімінің орынбасары болды. Сәкен Арубаев та сол сияқты. Мойынқұмда, Жамбыл ауданында әкім болды. Енді Шуға әкім сайланды. Оны сайлауға Календеров барды.
Осылар сеңдей соғылысып, әрлі-берлі жөңкіліп не бітіре алмай жүр екен деп ойлайсың?
…Қазір медицинада, сән саласында плазмолифтинг деген ұғым трендте. Ол дегеніміз, адам қанын алып, одан сары суын бөліп, адамға соны қайта салады. Содан адам жасушасы қайта жаңарады.
Білсеңіздер, бұрын сыздауықты сондай бір тәсілмен емдейтін. Яғни, жамбастан алған қанды білекке, білектен алған қанды тағы басқа жаққа салып.
Бірақ, біздегі «сыздауықтар» бұл тәсілмен емделмейтінін уақыт көрсетті ғой. Заман дамып жатыр. Өмір өзге бағытқа бет бұрды дегендей. Мүмкін жаңа «препараттар» қажет шығар. Мүмкін емес, нақты қажет! Өйткені, сыздауық жарылмай, жазылмайды!
Билік неге осыны түсінбейді?! Түсінгісі келмейді…
Бұл тәсіл тағы қанша ауданға қолданылады екен?
Президент облыстарды осы тәсілмен «емдер» ме екен?

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.