Біз кз

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

Ардақты аналар, аяулы арулар!

Сіздерді 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

«Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген сөз тегін айтылмаған. Ана – өмірдің гүлі, тіршіліктің нұры, мейірім мен ізгіліктің жаршысы. Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік пен ұлылық атаулының бәрі де әйел-ананың ақ сүті мен ақ ниетінен тарайды. Сондықтан қай қоғамда болсын әйелдер қауымының алар орны айрықша.

Сіздердің бойларыңызда нәзіктік пен сұлулық, ақыл мен парасат, төзімділік пен өрлік сияқты қасиеттер үндесе үйлесіп жатады.

Ананы ардақтау – биік парыз, мәртебелі міндет. Халқымызда «Жұмақтың кілті – ананың табанының астында» деген аталы сөз бар. Бұл – Анаға деген құрметтің ең биігі, шынар шыңы деп білеміз.

Еліміздің өркендеуі мен облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында нәзік жандылардың да еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. Әсіресе, рухани салада қол жеткен табыстарымызға әйелдер ерекше атсалысуда.

Мемлекет басшысының қолдауымен елімізде ана мен бала қамқорлығына, олардың денсаулығына айрықша көңіл бөлінуде. Әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша мән беріледі. Әлеуметтік көмектер көлемі жыл санап өсіп келеді. Бұл жұмыстар біздің облысымызда да жүйелі жүзеге асуда.

Баршаңызды көктем мерекесімен құттықтай келе, Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін. Ана қуанышы, әйел қуанышы – үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Әрдайым шат-шадыман күй кешіп, бақ-берекелеріңіз арта берсін!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.