Біз кз

«ADAL» партиясы «AMANAT»-қа қосылды

Бүгін»ADAL» партиясы бұрынғы «Нұр-Отан», бүгінгі «Аманат» партиясына қосылды.

«Иә, бүгін бізде үлкен жиналыс өтті. Адалмен Аманатқа қосылсақ қалай болады деген ой партия мүшелерінің бәрін ойландырғаны анық. НұрОтан өзгеріп, ол жақтан біраз адамдар кетіп жатқанда… Жаңа атау, трансформацияға түсіп жатқан партиямен қосылуды жөн көрдік. Бәлкім, осылай ғана біздің партияластар Парламент төрінен көрініп қалар деген ой да бар. Әрі бүгін Президент ешбір партияда болмау керектігін, әкімдер мен олардың орынбасарлары партия мүшесі болмау керектігін айтқан соң, Aманатқа қосылуды қолдадым. Бұл билік партиясы болғаннан мына кезеңде оның арқалайтын жүгі, жауапкершілігі де оңай емес. Аманат құрамы, жұмыс істеу принциптері толығымен өзгеріп, бастысы халыққа жақын болады деп сенемін. Аманатқа қиянат жасамай, адал еңбек етейік бастысы» деп жазады партияның белді мүшелерінің бірі Дәулет Мұқаев өзінің инстаграмдағы парақшасында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.