Біз кз

Жамбылдық студенттер үздіктер қатарында

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері республикалық педагогикалық олимпиадада үздіктер қатарынан көрінді. Олар жүлделі ІІ-орынды иеленіп, өңір жастарының білімі мен білігін дәлелдей алды.
Педагогикалық мамандықтардың 2-3 курс студенттеріне арналған «XXI ғасыр педагогикасындағы Абай мұралары» атты республикалық педагогикалық олимпиада жұмысы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен болатын. Ал педагогикалық білім беру бағдарламаларының студенттері Тойшиева Амина, Хайырбек Ернұр, Кенже Асылжан, Әбдіқапар Нұржігіт «Үздік қойылым» аталымы бойынша топ жарды.
Студенттерді байқауға дайындап, жетекшілік еткен «Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы Бөпетаева Сауле Жақыпқызы.
ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.