Біз кз

«Халықтың табысын арттыру бағдарламасы» жалғасады

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Жамбыл облысында жұмыс сапарымен болды.
«Халықтың табысын арттыру бағдарламасын» іске асырылуымен егжей-тегжейлі танысты.


Жоба аясында 10 ауданда 25 елді мекен тұрғындары мен жаңадан ашылған 11 ауыл шаруашылығы кооперативі несиелендірілген.
Нәтижесінде, жеке кәсіпкерлер саны 2282-ге артып, 589 жаңа жұмыс орындары ашылды. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 65 пайызға кеміді. Айлық жалақы да едәуір артқан. Мал саны 125 пайызға өскен.


Жобаның тиімділігін атап өткен облыс әкімі Нұржан Нұржігітов бастама алдағы уақытта да жалғасын таба беретінін жеткізді.

«Халықтың табысын арттыру бағдарламасының» негізгі мақсаты – қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін арттыру. Ол үшін халықты жұмыспен қамтуды реттеу жөніндегі жүйелі шараларды қабылдау маңызды. Бұл бағытта ауылдағы дәл осындай кәсіпорындар үлкен рөл атқарады», деді
Ералы Тоғжанов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.