Түркияның Ыстамбұл қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының медиа және ақпарат саласына жауапты министрлері мен жоғары лауазымды тұлғалардың 4-ші отырысы өтуде. Бұл туралы «Хабар» агенттігінің басшысы Берік Уәли өзінің Фейсбуктегі ресми парақшасында жазды.
«Жиында БАҚ саласындағы өзекті мәселелер мен тың бастамалар талқыланып жатыр. Ертең «Хабар» агенттігінің телеөнімдері мен алдағы жоспарлары, ұйымға мүше елдердегі әріптестермен өзара ынтымақтастықты арттыру жолдары туралы баяндама жасауды жоспарлап отырмын.
Сондай-ақ Түркияның белді телеарналарымен келісімге келіп, журналистеріміздің тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау ойымызда бар» деді ол.