Біз кз

Жастарға референдумның маңыздылығы түсіндірілді

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде референдумды түсіндіруге бағытталған жиын өтті.

Студент жастарға алдағы саяси науқанның мәні мен маңызы,  оның ел болашағы үшін шешуші мәнге ие екені жан-жақты түсіндірілді.

Референдумды түсіндіру жөніндегі қоғамдық штабтың төрағасы Амангелді Кәрентаев жастарды мемлекетшіл болуға шақырды.

— Жастардың білім алып,  нақты маман болуымен қатар,  олардың елі мен жерін сүйетін,  мемлекетшіл болғаны өте маңызды. Өйткені,  ел келешегін ойлайтын жастар ғана дамудың даңғылына бастайды. Сондықтан,  мен бүгінгі жастарды әрқашан ізденімпаз,  ынталы болуға шақырамын,  — деген ол референдумның не екенін,  ол қалай жүргізіледі,  одан не күтілетінін,  сондай-ақ Конституцияға енгізілетін толықтырулар мен өзгертулерді жіктеп айтып шықты.

Сондай-ақ, ардагер журналист Тұрсынхан Толқынбайұлы референдумның мәнін,  шынайы ақпарат алудың маңызын түсіндірді

Өз кезегінде университет оқытушылары мен студенттер сұрақтарын қойып,  пікірлерімен бөлісті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.