Біз кз

Назарбаевтың оқушылары «Ақ жолдың» шаңырағында

Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің 100 жылдық мерейтойына орай Тараз қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары газет ұжымымен кездесіп, редакция жұмысымен танысуға келді.

Мектеп директорының орынбасары Айша Жолдасбекованың жетекшілігімен келген білім алушылар «Ақ жолға» арнаған жүрекжарды лебіздерін өлең жолдарымен жеткізді. 7 «В» сынып оқушысы Нұрасыл Нұржанұлы:

«Тарихына куә боп байтақ далам,
Облыстың айбынын айғақтаған.
«Ақ жолым» азаттықтың үн парағы,
Тарихынан сыр шертсем айбаттанам» деп жырласа, 7 «D» сыныбының оқушысы Диана Ошан:
«Ақ жол» біздің ақ бата, жүрегіміз,
Өзіңнен талай ақпар білгеніміз.
Ұлттық рухты әрқашан көтеретін,
Өзіңді мақтан тұтып жүргеніміз» деп сөз маржанын теріпті.


Сондай-ақ, Назарбаев зияткерлік мектебінің қолөнер үйірмесіне қатысатын оушылар теріден бедерленген арнайы кәдесыйын тарту етті.
Газет редакторы Оралхан Дәуіт мектеп ұжымы мен жас өрендерге алғысын білдіріп, редакция есігі жас талаптарға әрқашан ашық екенін айтты. Оқушылар ақжолдық журналистермен танысып, естелік суретке түсті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.