Біз кз

Сарысудың Батыр аналары құрметке бөленді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 20 маусымдағы №934 Жарлығына сәйкес, Сарысу ауданында 10 анаға «Алтын алқа», «Күміс алқа» наградалары табысталды.

Мемлекеттік награданы Батыр аналарға аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев арнайы табыс етіп, еліміздің демографиясына өлшеусіз үлес қосып жатқан аналарға алғысын білдірді.

– Бір отбасын ғана емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербетіп отырған аналарға қандай құрмет көрсетсек те артығы жоқ. Сіздердің ел дамуына, адам капиталына қосып жатқан үлестеріңіз шексіз, – деп атап өтті.

Өздеріне көрсетіліп жатқан құрмет пен қошеметке алғысын білдірген «Күміс алқа» иегері Динара Жарасова: «Мемлекет басшысының аналарға ерекше қамқорлық танытып, қолдау көрсетіп отырғанын сезініп отырмыз. Бұл награданы арнайы ұсынған аудан әкіміне алғыс айтамыз», деді.

Айта кетейік, Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған деректерге сай, ауданда 655 «Алтын алқа» иегері, 898 «Күміс алқа» иегері және 134 Батыр ана бар екен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.