Біз кз

6 айда 105 адам туберкулезбен ауырған

Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының 2-ші емдек бөліміне жыл басынан бергі алты айда 105 науқас жатқызылған екен. Олардың 47-сі үйіне емделуге жіберілген. Толықтай емделіп шыққандар саны – 70.

Ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл бөлімге түскені 69 науқас қайырылған.

2-емдеу бөлімі облыс бойынша туберкулездің сезімтал түрімен ауыратын науқастарды күту және емдеу үшін 55 төсек-орынмен жабдықталған. Бүгінгі таңда аталмыш емдеу бөлімінде білікті дәрігерлер науқастарға заманауи, сапалы медициналық көмек көрсетуде. Ал бөлім меңгерушісі фтизиатрия саласында 24 жылдық еңбек өтілі бар, жоғарғы санатты дәрігер – Салтанат Мұрзалиева.

– Туберкулездің микобактерия бөлетін сезімтал түрімен ауыратын науқастарды емдеудің орташа уақыты 2-3 айды құрайды, яғни 60-90 доза. Қақырық жағындысы бастапқы өзгеруден кейін науқастар тұрғылықты мекен-жайы бойынша емді амбулаторлық жағдайда жалғастыруға шығарылады. Ал қосалқы аурулары бар науқастар көрсеткіштер бойынша «Туберкулездің микобактерия бөлмейтін сезімтал түрімен ауыратын науқастарды емдеу бөліміне» ауыстырылады, – дейді ол.

Айта кетейік, әлеуметтік маңызды аурулар санатына жататын туберкулезбен күрес, оның алдын алу және емдеу, аурушаңдық көрсеткішін төмендету – денсаулық сақтау саласының басты міндеттерінің бірі болып саналады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.