Біз кз

Балаларды онкологиядан сақтаңыз

Жыл сайын онкологиямен 100 000 адамнан 15 ауырады, көбінесе науқастар соңғы сатыларында ғана дәрігерге қаралады. Көп ісіктер біртіндеп өсетіндіктен, алғашқы белгілеріне ұзақ уақыт бойы ата-аналары да, бала да мән бермейді. Бұл кезде, бала онкологтарының ойынша, ата-аналардың сақтылығы маңызды рөл атқарады. Сондықтан ата-аналарға ауру белгілерін білу маңызды, аурудың алғашқы сатыларында 80% науқастар толығымен жазылуы мүмкін, сонымен қатар емдеудің аялауыш әдістерін қолдануға болады.
Балада ауыр дертті өткізіп алмау жайлы – біздің ақпаратта оқыңыз.

«Кіші белгілер синдромы»
Балаларда қатерлі ісіктер кезінде ересектердегідей, кішіі белгілер синдромы тән болады, бұл кезде диагноз анықталғанға дейін ата-аналар балаларда байқайтын белгілер (көбінесе ретроспективті):
1. Бозару, қан кету, суйектерің ауырсынуы.
2. Ісіктер, көбінесе ауырсынусыз, дене қызуынсыз және қабыну белгілерінсіз.
3. Кенеттен салмақ жоғалту, қызу көтерілуі, ұзақ уақыт жөтелу, дем алудың қиындауы, түнгі тершеңдік.
4. Көз өзгерістері: қарашықтың ағаруы, қылилық, көз көруінің нашарлауы, көз маңайындағы тері өзгерістері.
5. Іш көлемінің өсуі.
6. Бас ауруы, әсіресе ұзақ уақытты немесе айрықша ауырсыну, құсу (әсіресе таңертеңгі уақытта).
7. Аяқ-қолдардың, сүйектердің ауырсынуы, аяқ-қолдардың көлемінің ұлғаюы, әсіресе жарақат немесе қабыну белгілері болмаған жағдайда.
8. Айқын шаршағыштық, ұйқышылдық, мінез-құлқының бұзылуы.
9. Бас айналуы, тепе-теңдіктің бұзылуы, координацияның жоғалуы.
Бұл белгілер ісіктің алғашқы белгілері болуы мүмкін, бірақ ата-аналармен және дәрігерлермен байқалмауы мүмкін, осы себепті, ісік операцияға жарамайтын және метастаздар тараған соңғы сатысында анықталады.
Мұндай алаңғасарлықтың кінәсінің бірі балаларға қатысты онкологиялық сақтықтың болмауы, өйткені қатерлі аурулар көбінесе ересек жаста кездеседі деген ұғым қалыптасқан.

 

 

Не істеу керек:
Балалардағы қатерлі ісіктердің зұлымдылығы, басқа жағдайлар түрінде көріну мүмкіндігі болып табылады: рахит, тіс шығуы, ЖРВИ, гельминтоз…
Егер Сіз өз балаңызда осы белгілердің кейбіреуін байқасаңыз – бұл үрейлену себебі емес, дәрігерге қаралу және қажетті тексеруден өту себебі болы табылады.
Мұндай тексеру кез келген жағдайда артық болмайды, ал қатерлі ауру жағдайында оны ерте сатысында анықтауды, табысты емдеуді және жақсы болжамды қамтамасыз етеді.

Балалардағы ең жиі кездесетін ісіктердің алғашқы белгілері:
1. Лейкоз: тез шаршағыштық, әлсіздік, тері бозаруы, мұрыннан қан кету, жиі көгерулер, қанауға бейімділік. Одан кейін сүйектерде, буындарда ауырсыну пайда болады Затем появляются боли в костях, в сустава. Бауыр мен көкбауыр есебінен іштің ұлғаюы, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бас ауруы, әлсіздік, тырысу, құсу, көру және жүру қабілетінің нашарлауы.
2. Бас миының және жұлын ісіктері: таңертеңгі бас ауруы, кішкентай баладарда мазасыздану және жылау, таңертеңгі себепсіз құсу, көру және жүру қабілетінің нашарлауы, тырысу.
3. Нефробластома (бүйрек ісігі): қолмен сипап білінетін іш қуысында ісік тәрізді өсінді.

4. Нейробластома: ішінің ұлғаюы, ішінде қолмен сипап білінетін өсінді, ауырсыну, көз алмасының шығуы (егер ісік мойында орналасса), сүйектерде ауырсыну, ақсаңдау.
5. Ретинобластома (көздің қатерлі ісігі): «қарашықтың жарқырауы», көзінде ауырсыну, қылилық, қарашықтың кеңеюі және фиксациясы, жарыққа реакцияның бұзылуы, көру қабілетінің жоғалуы.
6. Рабдомиосаркома (жұмсақ тіндердің ісігі, белгілері орналасуына байланысты): жұмсақ тіндерде ауырсынусыз тығыз өсінді, құсу, ішінің ауырсынуы, іш қатуы, көз алмасуының шағуы, мұрыннан бөлінді.
7. Сүйек ісігі: түнде күшейетін сүйектердің ауырсынуы, ақсаңдау. Өршу факторы жарақат болуы мүмкін.

8. Ходжкин ауруы (Ходжкин лимфомасы, лимфогранулематоз) балалар ісіктерінің арасында 3ші орын алатын лимфомаларға жатады.
9. Лимфомалар: бір немесе топты лимфа түйіндерінің ұлғаюы, дене қызуының жоғарылауы, түнгі тершеңдік,терінің қышуы, тыныс алудың қиындауы, жөтел.
Не істеу керек:
Балалардағы қатерлі ісіктердің зұлымдылығы, басқа жағдайлар түрінде көріну мүмкіндігі болып табылады: рахит, тіс шығуы, ЖРВИ, гельминтоз…
Егер Сіз өз балаңызда осы белгілердің кейбіреуін байқасаңыз – бұл үрейлену себебі емес, дәрігерге қаралу және қажетті тексеруден өту себебі болы табылады.
Мұндай тексеру кез келген жағдайда артық болмайды, ал қатерлі ауру жағдайында оны ерте сатысында анықтауды, табысты емдеуді және жақсы болжамды қамтамасыз етеді.

Көптеген бала онкогематологтарының ойынша, ауруды ерте анықтауда ата-аналардың сақтығы маңызды рөл атқарады. Әрине, ата-аналар күн сайын ісік іздеп баланы сипап қарау керек немесе күн сайын балаға қан тапсырту қажет емес.

Бірақ әйгілі америкалық онколог Ч.Камеронның ақылын ұстану керек:

«БАЛАНЫҢ ҚАТЕРЛІ ІСІКПЕН АУРУЫНА ҚАТЫСТЫ ТЫМ БЕЙҚАМ, НЕ ТЫМ АЛАҢДАУШЫ БОЛМАҢЫЗ, БІРАҚ САҚ БОЛЫҢЫЗ!»
Ч. Камерон

Шолпан Туленбетова, ЖОМДБ дәрігері, онколог- гематолог.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.