Бүгін Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов пен Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің қатысуымен «Жасыл Ел-Тараз» серіктестігіне жаңа техникалар табысталды.
Қаланы абаттандыру мен тазалық, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарымен айналысатын «Жасыл Ел-Тараз» мекемесі тәжірибесі мол кәсіпорын ретінде жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келе жатқан 100 пайыз мемлекеттік үлесі бар серіктестік.
Серіктестік тарапынан қаладағы тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару, саябақтар мен скверлерді, гүл бақтарын, жаяу жүргінші жолдарын күтіп ұстау, қыс мезгілінде қар тазалау, мұз қатпау үшін жолдарға құм, тұз себу және тал егу жұмыстары атқарылуда.
Аталған жұмыстарды үздіксіз, уақытылы әрі сапалы орындау мақсатында Тараз қаласының әкімдігі тарапынан «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту» 065 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде, сомасы 470 132,0 мың теңге болатын, 7 бірлік арнайы техника сатып алынды.
Оның ішінде қалалық жолдарды күтіп ұстау және жүк тасымалдау үшін жыл бойы пайдалануға арналған 5 бірлік аралас жол машинасы, 1 бірлік қалдықтарды механикаландырылған тиеуге арналған бүйірлік тиегіші бар қоқыс тасушы машина және КАМАЗ-65115 шассиіндегі кран-манипулятор.Қазіргі таңда аталған серіктестікте жалпы саны 791 адам қызмет атқаруда. Олардың қатарында штаттық және қоғамдық негіздегі жұмысшылар бар. Серіктестіктің қалада тұрмыстық қатты қалдықтарды тастауға арналған 268 алаңшасы орнатылған. Осы алаңшаларда «Жасыл Ел-Тараз» мекемесінің 77 техникасы қызмет көрсетеді.
⬇️⬇️⬇️