Біз кз

Ел таңдауы — есірткісіз болашақ

Байзақ ауданында «Есірткісіз болашақ» тақырыбында акция ұйымдастырылды. Аталмыш шараға нашақорлықтың зияндылығын және күллі жамандықтың қайнар көзі екендігін кәсіби тұрғыдан әңгімелеп беру үшін медицина, заң салаларының мамандары қатысты.
Акция  жұмысы аудан әкімінің орынбасары Талғат Салқанұлының кіріспе сөзімен бастау алды.
Акция барысында Байзақ аудандық емханасы Жастар денсаулық орталығының психолог маманы Айгүл Ержанова, аудандық Аналар алқасының төрайымы Шырын Қапарова, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі жастар ресурстық орталығының өкілі Сымбат Жиеналиева өз ойларын ортаға салды.
Аудандық «Шахан» халық театры бүгінгі тақырыпқа арналған сахналық көрініс көрсетсе, аудан өнерпаздары Мадина Бердиярова, Рахат Ержанов, Жоламан Жиенбаев, Динара Қыпшақ, Азамат Исаев әуелете ән шырқады. Флэшмоб биінен соң Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен қорытындыланған акция қатысушы жастарға үлкен әсер бергені сөзсіз.
Жас ұрпақтың жағымсыз әдеттен аулақ болуын келелі пікірмен белгілей, нашақорлық адамзат баласын аздыратын қатерлі індет екенін насихат арқауына айналдырған аудандық акциядан жастар қауымы көңілдеріне ой түйіп тарқасты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.