Біз кз

Бірлігі жарасқан байзақтықтар

Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай Байзақ ауданындағы №4 мектеп-лицейде бастауыш сынып мұғалімі Эльмира Амирханова мен ауыл жастарының ұйымдастыруымен «Береке-бірліктің бастауы» атты кездесу өтті. Ауданда мекен ететін түрлі этнос өкілдерінің басын қосқан кездесуде татулық пен бірлік, ынтымақ пен достық төңірегінде әңгіме өрбіді.
Ұйымдастырушылар қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге жас ұрпақты баулу керек екендігін баса айтты.
Елімізде тұрып жатқан барша халықтың озық мәдениетін, өзіндік үлгі-өнегесін жастардың бойына сіңіру керек екендігін түсіндірді. Жиынға қатысушылар шара соңында спорттық ойын ойнап, көпұлтты халықтың арасындағы бірлік пен ынтымақты паш етті.
Айта кетейік, ауданда бірлік пен татулық мерекесіне арналған көпшілік-мәдени түрлі шаралар өтуде.
Соның бірі — бірінші мамыр күні Сарыкемер ауылы, А. Суханбаев атындағы саябақта сағат 9.00-де өтетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.