Біз кз

Биыл Таразда 5 мектеп салынады

Білім саласында 2023 жылы жалпы құны 10,1 миллиард теңгеге 5 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған.
Бүгінгі таңда «Барысхан» тұрғын алқабындағы 600 орынды мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 4 мектептің құрылыстары жүргізілуде. Олар Сүлейменов көшесінің соңында 15 мөлтек ауданында әрқайсы 1200 орынды 2 мектеп, «Арай» тұрғын алқабында 600 орынды 1 мектеп және «Казарма» тұрғын алқабында 180 орынды 1 мектеп.

Сондай-ақ биыл Тараз қаласында 1,8 млрд. теңгеге 7 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары және 132,0 млн. теңгеге 17 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Күрделі жөндеу жұмыстары мына мектептерге жүргізіледі:
– №28 ОМ – 228,0 млн.теңге;
– №34 ОМ – 316,2 млн.теңге;
– №40 МГ – 220,4 млн.теңге;
– №43 ОМ – 294,1 млн.теңге;
– №44 ОМ – 254,8 млн.теңге;
– №46 ОМ – 226,4 млн.теңге;
– №48 ОМ – 291,6 млн.теңге.

Ал «Құмшағал» тұрғын алқабында тұрғындарға арналып спорт кешені салынуда.

Спорт саласында 2023 жылға 2 нысанның құрылысы жоспарланған. Атап айтсақ, «Талас» мөлтек ауданында фитнес залының құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілсе, «Құмшағал» тұрғын алқабында спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Бұл жобаға қалалық бюджеттен 485 млн. теңге бөлінді
Сонымен қатар аулаларға 4 спорт алаңшаларын салу жоспарланса, бүгінгі күні 15 мөлтек ауданда және Менделеев көшесіндегі спорт алаңшаларының құрылыстары басталды.
Ал қалған 2 спорт алаңшаларын шілде-тамыз айларында салынады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.