Біз кз

Мемлекеттік қызметші — тәртіптің кепілі

Талас ауданында «Мемлекеттік қызметші – тәртіптің кепілі» атты семинар-кеңес өтті.

Аудан әкімі аппараты тарапынан мемлекеттік қызметшілер арасында әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған шараға аудан әкімдігі бөлім басшылары, Қаратау қаласы және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Семинар-кеңесте аудандағы Әдеп жөніндегі уәкіл А.Б.Оңғарова Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану және мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсаты, лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдалану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, Талас аудандық ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары М.Қ.Қожахметов мемлекеттік қызметшілер қызметтік автокөлікті және жеке көлік құралын басқару кезінде жол қауіпсіздігін сақтау және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер туралы айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.