Біз кз

«Асардың» арқасында 2 отбасы баспаналы болды

Жамбыл облысында «Асарлатып үй салу» жобасы қолға алынып, көптеген мұқтаж отбасылар баспаналы болуда.

 

Бұл жолы Талас ауданының орталығы, Қаратау қаласында 2 отбасының үйіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп пайдалануға берілді.

 

Аудан басшысы Нұрбол Жүнісбеков қоныс той иелерін арнайы құттықтап, барша ат салысқан азаматтарға, жеке кәсіпкерлерге және мекемелерге ризашылығын жеткізді.

 

«Асар – ауыз біршілікті нығайтып, халықтың басын қосатын, ежелден келе жатқан ігілікті іс. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, қолда барын бір-бірімен бөлісіп, біріне-бірі қамқор тілеулес болған ұлттың ұлылығы да осында. Міне бүгінде бірлікпен жасалған еңбек еленіп, Қаратау қаласының тұрғынының баспанасы демеушілер есебінен жөндеуден өтіп, кілті табысталуда. Жақынына жанашырлықпен қараған қазақ халқы ынтымағымен ырысын арттыратынын тағы бір көрсетуде», – деді аудан басшысы.

 

Жалпы «Асарлатып үй салу» жобасы аясында аудан бойынша былтыр 9 үй салынса, биыл да 9 баспана тұрғызу жоспарланған. Қазірге дейін 5 үйдің құрылысы аяқталды, қалғаны жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.