Біз кз

Көкталда клуб салынуда

Талас ауданында елді мекендерді өркендету, олардың инфрақұ¬рылым-дарын дамыту тұрақты назарда болып келеді.
Соның айқын мысалы ретінде осы бағытта Көктал ауылында қолға алынып отырған шараларды айтуға болады.
Аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков Көктал ауылына арнайы барып, жүзеге алып жатқан жұмыстар барысымен танысты.
Бүгінгі таңда ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету шаралары қолға алынған.
Бұл туралы «Игілік» мекемесінің директоры Азамат Жұмабеков атқарылған жұмыстар барысынан хабардар етті.
Сонымен бірге, ауыл тұрғындары тарапынан жиі көтеріліп жүрген клуб үйін соғу жұмысы қыркүйек айында басталған. 90 адамға арналған ғимарат құрылысын «Taimas Construction Company» ЖШС қарқынды жүргізуде. Оның барысы жайлы ауыл әкімі Қайрат Бейсебаев айтып берді.
Жұмыстар барысын саралаған Нұрбол Әбдімәжитұлы бұл бағытта тапсырмаларды нақтылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.