Біз кз

Ернұр – Азия чемпионы

Ернұр Есіркепбай Талас ауданы, Ойық ауылында туылған. Орта білімді де осында алды. Жасы 18- ге келген өрен қазір Тараздағы политехникалық жоғары колледжінің 4- курс студенті. Оқудан бос уақытында спортпен шұғылданады. Спорттың қол күресіне бала жастан басталған қызығушылық талай жарысқа қатысуға себеп болды. Төгілген тер, тынымсыз жатығулар текке кеткен жоқ. Түрлі деңгейдегі бәсекелерде топ жарып, тұғыр биігінен де көрінді. Қол күресінен облыс жеңімпазы атанды, Қазақстан Республикасы чемпионатында 3- орынды иеленді.
Ернұр жақында Өзбекстанның Самарқан қаласында өткен Азия чемпионатында өз мүмкіндігін байқап көрген болатын. «Шын мықтыға тұсау жоқ» деген. Сары құрлықтың кіл мықтылары бақ сынаған бәсекеде жерлесіміз үздік нәтиже көрсетті. Барлық қарсыласынан басым түскен Ернұр Азия чемпионы атанды.
Ел намысын абыроймен қорғап, тұғыр биігінен көрінген өренді ауылдастары қарсы алып, құрмет көрсетті.
Ауылдық округ әкімі Қайрат Ошақбаев, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Пана Рахманбердіұлы бастаған ауыл тұрғындары спортшыға ізгі лебіздерін білдіріп, астына ат мінгізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.