Дала төсінде түлік өргізген шаруалар маңызды науқанның бірі – мал қыстату. Қиындығы жетіп артылатын, машақаты мол тірлікті жер жайын біліп, мал танып өскен шаруа сүйремесе, қолдағы барды қырып алу оңай.
Қалай десек те, биылғы қыс мезгілімен келді, қар да уақытымен түсті. Бірақ табиғаттың тосын мінезін болжап білу қиын. Ондайда шаруаға дұрысы жерге тоң қатпай, шөп қорын жиып, қысқа қамданып алу. Мұны тірліктің бейнетіне төселген, талай жылдан тәжірбиесі ар шаруалар жақсы түсінеді.
Биылғы мал қыстату маусымына аудан көлемінде 31000 бас ірі қара, 355000 бас қой- ешкі, 14500 бас жылқы және 2300 бас түйе есепке алынды. Аудан әкімдігі ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Жандос Құдиярханның айтуынша, мал басы негізінен жеке секторлар мен 285 қыстау орындарында қыстатылатын көрінеді. Олардың ішінде 65-і шалғай қыстауларда орналасқан.
Малдың қыстан шығуы жем-шөп қорына байланысты. Шаруалар тарапынан бұл мәселе де шешімін тауып отыр. Бұл туралы Жандос Құдиярхан : – Қысқы мал азығы үшін 167,91 мың тонна ірі сабақты шөп және 5600 тонна жем дайындалды. Шалғай қыстау орындарына қажетті жем-шөп жеткізілген. Сондай-ақ, мал қыстату барысында шаруалар жексенбі күндері Жамбыл ауданындағы мал базарына түліктерін сатып, тиісті қаражатқа өзіне қажетті мал азығын алып жатыр. Одан бөлек, аудан орталығында 5, Ақкөл ауылында 2 және Ойық ауылында 1 жем сататын орындар бар, – дейді.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.