Біз кз

Қордайдан – Қостанайға

қордайлық азаматтар Арқалыққа гуманитарлық көмектің алғашқы легін жөнелтті

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің бірі Қостанай облысының Арқалық қаласына Жамбыл облысының Қордай ауданынан гуманитарлық көмектің алғашқы легі жөнелтілді.

«Жүректен – жүрекке» қайырымдылық шарасының аясында ұйымдастырылған акцияға аудан тұрғындары аянбай атсалысты.

Аудан орталығы Қордай ауылындағы Мәдениет үйінің алдындағы Өтеген батыр ескерткішінің алдына арнайы жүк көліктері қойылып, көмек қолын созамын деуші қайырымды азаматтар аталған орынға ағылды.

Соның нәтижесінде 25 тоннадан астам гуманитарлық қажеттілік жиналды. Алдын ала әкімдіктің ресми парақшаларында аса қажетті заттар тізімі жарияланған болатын. Атап айтқанда:

Минералды газсыз су;
Ұн өнімдер (макарон, тәтті нан, ұн);
✓Азық түлік (картоп, пияз, сәбіз);
✓Гигиеналық заттар (сабын, тіс пастасы, ұнтақ, шампунь);
✓Сонымен қатар, балаларға әр-түрлі көлемдегі жаялықтар (памперс).
Аудан тұрғындары осы және өзге де тіршілікке аса қажет заттарды жинады. 3,7 тонна ұн, 2,7  тонна қант, 2,2 тонна макарон, 1,5 тонна күріш, 3,2 тонна картоп, 1,5 тонна сәбіз және басқа да жиналған тұрмыстық қажетті заттарды ауданның белсенді азаматтары, жастары, жастар орталығының мамандары мен өзге де еріктілер жүк көліктеріне тиеп, жолға аттандырды.
Қайырымдылық акциясы аудан көлемінде әлі де жалғасуда.
ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.