Біз кз

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қазірден жіті назарда

Меркі ауданында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі пысықталып, қазірден балаларға жайлы жағдай жасаудың қамына аудан басшылығы кірісіп кетті.

Осы мақсатта аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлының төрағалығымен аудандық аппарат кеңесі өтті.

Кеңесте балалардың жазғы демалысының ұйымдастыру мәселелері қаралды. Аталған мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Айгерім Алтынбаева баяндама жасап, қазіргі ахуалды атап өтті. Бөлім басшысының айтуынша, биыл балаларға мектеп жанындағы лагерь 1 маусым мен 25 маусым аралығында екі кезеңмен ұйымдастырылса, 17 маусымнан бастап 27-шілде аралығында 300 бала үш ауысыммен лагерьге барады деп жоспарлануда. Лагерьге әртүрлі әлеуметтік категорияларға жататын отбасылардың балалары жас ерекшеліктеріне қарай қамтылмақ.

Жорабек Нұрмергенұлы балалардың жазғы демалысты мазмұнды өткізуі тиістігін айтып, дайындық жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастыру жөнінде жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар берді.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Сондықтан, балалардың жазғы демалысын лагерьде өткізуін қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастыру шаралары қазірден пысықталуда.

Осы орайда аудан әкімі Жорабек Баубеков тау аумағында балалар легеріндегі дайындық жұмыстарымен де танысқан болатын.

Жорабек Нұрмергенұлы лагерьдегі абаттандыру және ағымды жөндеу жұмыстарын назарға алды. Дайындық жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастыру қажеттігін айтқан аудан басшысы жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, аудан әкімі жазғы демалыс кезінде алдымен балалардың қауіпсіздігін басты назарда ұстауды қатаң тапсырды. Қауіпсіздік шаралары жан-жақты қамтасыз етілу керектігін, төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған ережелер мен санитарлық талаптардың қатаң сақталуын міндеттеді.

Биыл балаларға мектеп жанындағы лагерь 1 маусым мен 25 маусым аралығында екі кезеңмен ұйымдастырылса, 17 маусымнан бастап 27-шілде аралығында 300 бала үш ауысыммен лагерьге барады деп жоспарлануда.

Лагерьмен әртүрлі әлеуметтік категорияларға жататын отбасылардың балалары жас ерекшеліктеріне қарай қамтылады.

Айта кетейік, аудан әкімінің қатысуымен өткен аппараттық кеңесте балалар демалысын ұйымдастырудан өзге ветеринария саласында атқарлып жатқан жұмыстар да қаралды. Аудандық ветеринариялық стансасының директоры Серік Бердібаев пен аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Нұрбек Мырзақұлов баяндама жасады. 2024 жылдың 3 айында жоспарға сәйкес жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу мақсатында, аусылға қарсы – 38900 бас мүйізді ірі қара, сібір жарасына қарсы – 223250 бас ұсақ мал, туберкулезге қарсы аллергиялық зерттеуге – 18000 бас мүйізді ірі қара, маңқа ауруына қарсы – 350 бас жылқы диагностикалық зерттеуден өткізілген. Сондай-ақ, эхинококкозды емдеу үшін – 8250 бас ит егілген.

Аудан әкімі жануарлардың жұқпалы ауруларына қарсы екпе жұмыстарын уақтылы жүргізіп, эпизоотологиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар кеңесте жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер қаралды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.