Біз кз

Тұрғындардың талап-тілегін тыңдады

Бүгін Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов «АMANAT» партиясы аудандық филаилында жеке және заңды тұлғаларды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қоғамдық қабылдау барысында Сарыкемер, Жетібай, Құмжота, Көктал елді мекендерінен өтініштерін арқалай келген азаматтар өздерін толғандырып жүрген мәселелерге қатысты заң аясында түсініктер алды. Өтініштер қатарында, ауыл шаруашылығы мәселесі бойынша, су келетін лотокты басқа жермен жүргізу, денсаулығына байланысты ем алатын шипажайға жолдама беру, алимент өндіру үшін адвокаттың сүйемелдеуі, тұрғын үйдің шатыры ескіруіне байланысты қаржылай көмек, тұрғын үй салу үшін жер учаскесін алу және баспана мәселесі қозғалды.

Аудан басшысы әр тұрғынның сауалдарына заңды түрде жеке-жеке жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, алдағы уақытта тұрғындардың мәселелерін бақылауда ұстайтындығын айтып, жауапты ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.