«Атадан мал қалғанша – тал қалсын» деген меркілік депутаттар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бастау алған «Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық экологиялық акциясының үшінші апталығы аясында тал егу челленжін бастады.
«Жасыл аймақ» ұранымен өтетін апталықта туған өлкеге тал егіп, барынша абаттандыруға, жасылдандыруға мән беріледі. «AMANAT» партиясының бастамасымен аудандық дендросаябақта тал егу акциясы ұйымдастырылып, игі бастама ізгі ниетпен челленджге ұласты.
Әрбір адамның азаматтық борышы саналатын тал егу ісіне аудандық мәслихат депутаттары түгел қатысты. Халық қалаулылары дендропарк аумағындағы арнайы орынға жүйелеп, әр талдың орнын белгілеп тұрып, 50 түп еуропалық қарағай ағашын отырғызды.
Депуттар тал егу ісі дәстүрге айналса деген сенімдерін білдірді. Егілген талдардың алдағы уақытта жайқалып, жасыл аймаққа айналуын бақылауда ұстаймыз деген халық қалаулылары білім және денсаулық саласының қызметкерлеріне челлендж жолдады.