Біз кз

Тараздық жігіт еркіндікке жолдама алды

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесінен жаза мерзімінің аяқталуына байланысты ер адам бостандыққа жолдама алды. Ол екі жыл бұрын Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының үкімімен Қылмыстық Кодекстің 188 бабының 3 бөлігі, 2,3 тармағымен кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.

Бұл күні жазасын өтеп шыққан азаматқа «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы шеңберінде босатылғаннан кейін жұмыспен қамту, кепілді медициналық көмек пен құқықтық көмек бойынша қажетті ақпараттар беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.