Біз кз

Әскери оқу-жаттығу өтті

Аумақтық қорғаныс – Қазақстан Республикасының халқын, стратегиялық объектілері мен коммуникацияларын теріс пиғылды сыртқы күштердің әрекеттерінен, диверсиялық немесе терроризм актілерінен қорғау, сондай-ақ төтенше немесе әскери жағдай режимдерін енгізу және қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асыратын іс-шаралар жиынтығы болып табылады.
Облыс әкімдігінің «Байзақ-2024» тексеру жиынын өткізу туралы Қаулысына сәйкес, «Айша-бибі» оқу-жаттығу полигонында Байзақ ауданының аумақтық қорғаныс ротасының бөлімшелеріне тіркелген әскери міндеттілермен тексеру жиынының ашылу шарасы өткізілді. Шараның жиынының ашылуына облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек пен аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов арнайы қатысты.
Бұл жаттығуға әскери міндетті азаматтар қатысып, әскери кезеңді еске алатын болады. Кәсіби әскери нұсқаушылардың жетекшілігімен олар теориялық және практикалық тұрғыда оқытудан қайта өтеді. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі қызметте жүрген әскери міндеттілер жиыны он күнге жалғасатын болады. Негізгі мақсат – аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің әскери бірігуі бойынша іс-шаралар өткізу және ұйымдастыру бойынша лауазымды тұлғалардың білімі мен практикалық қабілетін жетілдіру.
Әскери жиын кезінде әскери бөлімге дейін және кері қайту жолындағы жүру уақытымен қоса, әскери міндеттілердің жұмыс орны мен атқаратын лауазымы сақталатынын, республикалық бюджет есебінен орташа жалақы төленетінін айта кету керек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.