Біз кз

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осыған орай, Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде жазықсыз жаланың кесірінен қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу іс-шарасы өтті. Бұл күні мекеме психологы Айгерим Саурбаева жазасын өтеушілерге азапты жылдар жөнінде кеңінен әңгімелеп берді.

Айта кетейік, Қазақстанда 125 мыңнан астам адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілді. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Тынышбаев, М. Дулатұлы, Т. Рысқұлов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров сынды қайраткерлер мен ұлт зиялылары бар. Саяси құрбандар лагерьлерге жіберіліп отырды. Қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың әйелдері де Ақмола облысында орналасқан «АЛЖИР» лагерінде азапталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.