Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» атты республикалық экологиялық акциясының аясында, Меркі ауданынан Шығыс жақтан кіре берісінде, Ақтоған ауылында орналасқан аудандық дендропаркке тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Шара барысында парк аумағындағы шөптер шабылып, тазаланды. Талдардың түбі қопсытылып, ақталып, суару жұмыстары жүргізілді.
– Бүгін Ақтоған аулында орналасқан аудандық дендропарк аумағына сенбілік жасалды. Бұл шараға аудан жастары, ауыл тұрғындары және қызметкерлер де белсенділікпен атсалысты. Әрине, бұл қауантарлық жағдай. Осындай туған өлкемізді таза ұстауға барлығының қолдау көрсетіп жатқаны – бұл аудан тұрғындарының елге, жерге деген сүйіспеншілігі деп білемін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы дер кезінде көтерді деп ойлаймын. Өйткені, бұл акция дереу жалпықазақстандық сипатта көрініс тауып, міне, көктемнен бері барлық ауылда тұрақты тұрде тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, ауданымыздың ажары арта түсті, – дейді Ақтоған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Олжабек Қосубаев,
Сенбілік жұмыстарына жалпы аудан және ауыл жастары, еріктілер, мекеме қызметкерлері барлығы 60 адам қатысты.
Сондай-ақ, аудан орталығы Меркі ауылы, орталық Ә.Ысмиайылов көшесінің бойында орналасқан Ұлы Отан соғысы қатысушыларына арналған «Даңқ қорғаны» ескерткішінің айналасына санитарлық-тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілік жұмыстарына Меркі ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері мен ауыл жастары, қоғамдық қызметкерлер барлығы 20 адам қатысты.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен бастау алған «Таза Қазақстан» акциясы Меркі ауданында да қызу қолдау тауып, күн сайын тиісті шаралар атқарылуда. Бұл ретте біз акция аясында күнделікті округ аумағында тазалық жұмыстарын ұйымдастырып келеміз. Бүгін міне, «Данқ қорғаны» ескерткішінің айналасында келесі сенбілік жұмыстарын жасадық. Осынау игі акция аясында ескерткіштің айналасын тазалау – бұл сонау соғыста ел үшін құрбан болған ардгерлерімізге көрсетілген құрмет деп білеміз. Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясы жыл бойы жалғасуы тиістігін айтқан болатын. Соған сәйкес, біз тұрақты түрде осындай сенбілік жұмыстарын ұйымдастырып, туған өлкемізді таза ұстауды үнемі бақылауда ұстаймыз және осындай игі бастамаларды жалғастыруға жастарды үндейтін боламыз – дейді Меркі ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Тасан Дуанабаев.