Біз кз

Тазалық жұмыстарын жүргізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық науқаны бастамасын қолдау мақсатында өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлері тазалық акциясын ұйымдастырды.

Санитарлық тазалау жұмыстары барысында мекеме аумағындағы арық-атыздар тазаланып, аула іші күл-қоқыстан арылды. Осылайша, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ҚАЖ қызметкерлері тазалық пен тәртіпті сақтауға өз үлестерін қосты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.