Талас ауданында келіссөздер жүргізу, коммуникация, медиация, дауларды шешу бойынша оқыту семинары өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Айтолқын Әбдібекова, Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев және «Елу жылда – ел жаңа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Шарапат Сүйімқұл және аудан тұрғындары қатысты.
Семинар барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясында адам және азаматтарға кепілдік берілген құқықтар, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, “Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы” Конституциялық заңның негізгі ережелері, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілінің функционалдық міндеттері, сондай-ақ Мемлекет Басшысымен қабылданған әйел құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпараттармен бөлісті. Жиын соныңда Берікбол Байхожаев тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдап, заң аясында тиісті жауаптар ұсынды.
Айта кетейік, аталған семинарды Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында “Елу жылда – Ел жаңа” ҮЕҰ ұйымдастырды.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Адам құқығын қорғаудың қағидалары қандай?
Алдыңғы
Келесі