Елдің елдігін айшықтайтын, мемлекетіміздегі бірліктің берік іргетасын қалайтын басты құжат – Конституция. Екі жыл бұрын ауқымды референдумның нәтижесінде Ата заңымызға өзгерістер енгізілді. Ал, бүгінде жаңартылған басты құжат азаматтардың құқығын танытып, халықтың мүддесін қорғауда жаңа мүмкіндіктерге, игі істер мен бастамаларға жол ашты.
Конституция күні қарсаңында өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде салтанатты іс-шара өтті. Шара аясында мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Абай Омаров сөз сөйлеп, Ата Заңымыз мемлекетіміздің əлеуметтік-экономикалық дамуының, заң үстемдігінің, тұрақтылық пен келісімнің кепілі екенін атап өтті. Сондай-ақ, бұл күні жасақ бастығы әділет капитаны Руслан Балықбаев пен бақылаушылық қызмет бөлімінің бақылаушысы әділет қатардағы Елдос Абылұлы марапатталды.