Біз кз

Қордайлықтар «Тәтті түбір» жинауды бастап кетті

Стратегиялық азық-түлік тауары санатына жататын қант қызылшасын өсіру оңай шаруа емес. Ал, оны шашау шығармай жинап алудың да машақаты жетерлік. Дей тұрғанымен де, биыл аудан бойныша «тәтті түбір» еккен шаруалар өнім шығымының жақсы екенін айтуда. Оған алқаптарға арнайы барған газет тілшілері де куә болып қайтты.

Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы Ғалымжан Оспановпен бірге Сарыбұлақ ауылдық округі маңында орын тепкен «Айша» шаруа қожағының қант қызылшасы алқабында болдық. Қазір қызылша жинау науқаны мұнда қызып тұр. Жылдағыдан сәл ертерек бастағанымен «Тәтті түбір» пісіп, жетіліп үлгерген. Алқап басында қожалық басшысы Павел Мухитдиовпен сөйлесудің де сәті түсті.

«53 гектер жерге германиалық сорт сепкен болатынбыз. Бұл сорт біздің аймаққа жақсы жерсінген. Сол себепті де өнім да жақсы. Қазір бір комбайын, бір жапырақ шабатын техника мен оншақты «Камаз» жүк көліктері тіркемелерімен жұмылдырылған. Өздеріңізге белгілі өнім Меркідегі қант зауытына жөнелтіледі. Жақсы өнімге биылғы ауа райымен басқа да факторлар себепші болды. Қазір орташа есеппен әр гектарынан 850 центнер қызылша алып жатырмыз», — дейді ШҚ басшысы.
Қант қызылшасының жапырақтарын түбінен кесетін арнайы техника жүріп өткен соң артынан «Джон Дир» тракторы сүйреп жүретін қызылша жинайтын комбайын қатарласы жатқан қылшаны бункеріне жинап, ол толған сәтте бірден жанына келіп тоқтайтын жүк көлігіне тиеп жібереді. Қызылша жинаушы аппаратты арнайы маман джостикпен трактор ішінде басқарып отыранынын да ерекше атап өткен жөн болар.

«2024 жылы ауданымыз бойынша ірілі-ұсақты шаруашылықтар мен шаруа қожалықтары барлығы 1025 гектар жерге қант қызылшасын екті. Қазір өздеріңіз байқағандай өнімді жинау жұмыстары белсенді атқарылуда. Техника сай, өнім сапасы да тамаша. Биылғы жылғы қолайлы ауа райы және тамшылатып суару әдісін тиімді қолда білген шаруалардың алар табысы да жаман болмайды деп ойлаймын. Қызылша жинау науқаны аяқталған кезде жалпы орташа көрсеткіш гектарынан 850 центенерден де асып түседі деген болжам бар. Қазіргі таңда ең бастысы шаруалар өнімді шашау шығармай жинап алып, оны қант зауытына тиімді өткізіп алғаны. Біздер өз тарапымыздан әрдайым қолдау білдіріп, алқаптарда төгілген тер мен еткен еселі еңбектің зая кетпеуіне атсалысатын боламыз», — дейді ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы Ғалымжан Оспанов.

«Айша» шаруа қожалығынның алқабында қызылша жинау нақанына белсене қатысып жүрген қызметкерлер жайында да тоқталып өтсек. Байрам Ибаев, Мамед Юсеналиевтың еңбегін ерекше атап өтуде шаруа қожалық басшылары. Өйткені, олар жұмыстың ең маңызды учаскесіне еңбек етуде.

Биыл облыс бойынша 11 мың 200 гектарга егілген тәтті түбір түсімі болжаммен 640 мың тоннадан аспақ. Рекордтық көрсеткішке жететіні қуантады. Алайда, қызылша қабылдайтын зауыт тек Меркі ауданындағы ғана. Оған қордайлықтар кезекпен өз өнімдерін жеткізетін болады. Диқандар жеткізген дақылдың келісі 40 теңгеден қабылданатын болады. Оның 25 теңгесі мемлекеттен, қалғаны зауыт тарапынан төленеді. Биыл бұрынғыдай диқандарға төленетін қаржы бойынша қиындықтар туындаймады дегенге үміт басым.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.