Біз кз

Шағын және орта бизнеске бағытталған мемлекеттік бағдарламалар

Бүгінгі таңда ел бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған түрлі жобалар мен мемлекеттік бағдарламалар іске асуда. Ол бағдарламалардың игілігін көріп жатқан жергілікті тұрғындар баршылық. Осы ретте Талас ауданы бойынша аталған  бағытта атқарыып жатқан жұмыстарға тоқталы өтсек.

2024 жылдың қаңтар-шілде айларында шағын және орта кәсіпкерлік мәртебесімен Талас ауданы бойынша 3948 субъектісі тіркелген, оның ішінде 208 – шағын кәсіпорын, 1999 – жеке кәсіпкерлер, 1741 – шаруа қожалықтар.

Осы тіркелген субъектілердің 3593 немесе 91,0 пайызы жұмыс істейді. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субектілерінің саны 2023 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда (3730) 3,4 пайызға немесе 137 бірлікке кеміген.

Себебі: Жаңадан ісін бастаған кәсіпкерлер өз жұмысын алып кете алмағандықтан және мемлекеттік сатып алуды ұтып ала алмағандықтан, уақытша немесе мүлдем жеке кәсіпкерліктерін тоқтатып қояды.

Ауданда төрт мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда екен.

Есепті кезеңде, кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау бағытында  құны 785,0 миллион теңгені құрайтын 25 жоба жүзеге асырылған.

  • Бағдарламаның несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау шараларына қатысуға ниет білдіргендердің 10 жобасы (1 қоғамдық монша ашу, 5 мал шаруашылығы,  1 наубайхана және 2 сауда орындарын кеңейту, 1 жүк тасымалдау) 372,8 миллион теңгеге қаржыландырылған.
  • «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша 1 жоба 120,0 миллион теңгеге оң шешімін тапқан (қоғамдық монша).
  • Бастауыш кәсіпкерлер үшін мақсатты мемлекеттік гранттарды ұсыну бойынша жұмыстар ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанында басталады деп жоспарлануда.
  • «Агробизнес» және «Кең дала» бағдарламасы бойынша «Әулие-ата НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 124,7 миллион теңгеге несие алынып, 6 жоба іске асырылған. Соның ішінде:

«Агробизнес» бағдарламасы бойынша

Ойық ауылынан

  • «БАҚ-НҰР» шаруа қожалығы – 34,8 миллион теңге 1 жобаға (уақмал 450 бас, жылқы 15 бас),
  • «Бейбіт» шаруа қожалығы – 11,2 миллион теңге 1 жобаға (жылқы 15 бас) қаражаттарын алды.

С.Шәкіров ауылынан

  • «Атамұра» шаруа қожалығы – 15,0 миллион теңге 1 жобаға (уақ мал 160 бас, жылқы 12 бас),
  • «Шыңғыс» шаруа қожалығы – 22,2 миллион теңге 1 жобаға (уақ мал 260 бас, жылқы 10 бас) қаражаттарын алды.

«Кең дала» бағдарламасы бойынша

Бостандық ауылынан

  • «Демеш» шаруа қожалығы – 31,3 миллион теңге 1 жобаға (егістікке),
  • «Зерхат» шаруа қожалығы – 10,2 миллион теңге 1 жобаға (егістікке) қаражаттарын алды.
  • «Агробизнес» және «Кең дала» бағдарламасы бойынша

«Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамынан 167,52 миллион теңгеге несие алынып, 8 жоба іске асырылған. Соның ішінде:

Агробизнес бағдарламасы бойынша

  • Бостандық ауылынан 1 жоба – «Алмат» шаруа қожалығы 42,0 миллион теңге,
  • Қызыләуіт ауылынан 1 жоба – «Матай» шаруа қожалығы 16,94 миллион теңге,
  • Тамды ауылынан 2 жоба – жеке кәсікерлігі «Мейірлан», «Алимжан» шаруа қожалығы 49,5 миллион теңге,
  • Ушарал ауылынан 1 жоба – жеке кәсіперлігі «Сыздыков» 24,96 миллион теңге,
  • Шәкіров ауылынан 1 жоба – «Ахай» шаруа қожалығы 19,95 миллион теңге қаражаттарын алды.

Кең дала бағдарламасы бойынша

  • Бостандық ауылынан 1 жобаға (егістікке) – «Шәріпбай» шаруа қожалығы 10,17 миллион теңге,
  • Шәкіров ауылынан 1 жобаға (егістікке) – «Бөрі» шаруа қожалығы 4,0 миллион теңге қаражаттарын алды.

Одан бөлек, Инфрақұрылым тарту бойынша «Дулат» шаруа қожалығына электр желісімен жабдықтауға 32,8 миллион теңге, «Зерхат» шаруа қожалығына көкөніс қоймасының сыртқы инфрақұрылымын жүргізуге 47,8 миллион теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.