Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық науқаны аясында өңір-өңірде көшет отырғызу, ағаштарды әктеу және айналаны күл-қоқыстан арылту жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда қоршаған ортаны абаттандыру шарасына «Жол активтерінің сапасының ұлттық орталығы» өңірлік филиалының қызметкерлері белсене қатысып, өз үлестерін қосуда. Нақтылай түссек, жамбылдық жолшылар Тараз қаласының тұрғындарына күл-қоқысқа арналған пакет таратып, оларды санитарлық-тазалық шараларын сақтауға шақырды.