«Таза Қазақстан» республикалық акциясы Қордай ауданында жыл бойы қарқынын бәсеңдетпеді. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген халық даналығы акция аясында жүйелі іске асып жатқаны қуантады. Баба мұрасындай болған табиғатты бүгінгі ұрпақ күтіп ұстап, сақтауға барын салуда. Соның айғағы бүгін Қордай ауылында жаппай сенбілік ұйымдастырылды. «Батыс» ықшам ауданындағы 7 гектар алқапты саябақ ішінде сенбілікке жиналған қордайлықтар ағаш екті. Сенбілікке аудан әкімі Бегзат Болатбеков, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім мен мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, қызметкерлері, қарапайым жұртшылық осы күні 1100 қарағаш пен 1100 түп шетен (ясень) ағаштарын отырғызды. Алдағы уақытта аталмыш саябақ аумағында көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жалғасын табатын болады. Жас түптерді суару жұмыстары да жолға қойылмақ.