Жыл басынан Сарысу ауданында 124 мүгедектігі бар азаматтар жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды
Бүгінге аудан көлемінде 1369 мүгедектігі бар адам тіркелген. Оның ішінде 1 топтағы – 113, 2 топтағы – 431, 3 топтағы мүгедектер – 613 адам және 18 жасқа дейінгі мүгедектер саны – 212 адамды құрайды. Бұның ішінде жеке оңалту бағдарламасы бар азаматтар саны – 788 адам.
Үстіміздегі жылдың 11 айында әлеуметтік қызметтер ұсыну порталында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке реабилитациялау және оңалту бағдарламаларының орындалуы 95,7 пайызды құрап отыр. (облыста орташа көрсеткіш – 93,9 пайыз).
Жыл басынан бері 124 мүгедектігі бар азаматтар жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.
Оның ішінде, 5 азамат қысқа мерзімді кәсіптік оқытуда, 7 азамат онлайн оқыған. Жастар практикасына 4 азамат, қоғамдық жұмыс орнына 31 азамат тартылса, алғашқы жұмыс орнына 3 азамат, «Күміс жас» бойынша 5 азамат жұмыспен қамтылған. Ал, тұрақты жұмыс орнына 43 адам орналасса, 14 адам «Бастау бизнес» кәсіпкерлік курсын оқып, тиісті сертификаттарын алды. Сондай-ақ, 12 азамат жеке кәсіп ашу үшін мемлекеттің қолдауына қайтарымсыз грантқа ие болды.