Бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде 70-тен астам азамат жазасын өтеп жатыр. Олар Қылмыстық Кодекстің түрлі баптарына сәйкес кінәлі деп танылып, сот үкімінің негізінде бас бостандығынан айырылған.
Әйтсе де, мекемедегі сотты болғандардың туған-туыстарымен хат-хабар алмасуға мүмкіндік қарастырылған. Бұл ретте олар Skype жүйесін пайдалана алады. Жуырда бірқатар жазасын өтеушілер дәл осы жүйе арқылы жақындарының аман-саулығын біліп, жағдайын сұрады. Өз кезегінде сотталғандар отбасы мүшелеріне алғыстарын білдіріп, көктемнің алғашқы мерекесі 1-наурыз Алғыс айту күнімен құттықтады.
Айта кетейік, бейнеконференция – әлеуметтік байланыстан ажырамаудың төте жолы әрі темір тордың арғы жағындағы азаматтардың отбасымен хабар алмасудың тиімді мүмкіндігі.