Біз кз

БОСТАНДЫҚҚА БАСТАҒАН ҚАДАМ

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемеден жаза мерзімінің аяқталуына байланысты бір сотталған азамат бостандыққа шықты

Сот үкімімен тағайындалған жазасын толық өтеген сотталған азаматты босату рәсімі қолданыстағы заңнама талаптарына қатаң сәйкестікпен жүргізілді. Босату барысында тиісті құжаттар рәсімделіп, азаматқа алдағы уақытта құқықтары мен міндеттері жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, сотталған азаматқа қоғамға қайта бейімделу, еңбекпен қамтылу, әлеуметтік қолдау шараларын пайдалану мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Мекеме қызметкерлері оның заң талаптарын сақтай отырып, қалыпты өмірге оралуына бағытталған профилактикалық әңгіме өткізді.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталғандардың құқықтарын қамтамасыз етуге, заң талаптарының мүлтіксіз орындалуына және оларды қоғамға бейімдеуге бағытталған жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.