Бүгінгі таңда ел ішінде жаңа Конституция жобасы кеңінен талқыланып жатыр. Түрлі деңгейдегі кездесулерде жаңа Ата Заң жобасының мазмұнына қатысты орамды ой-пікірлер айтылып, жалпыұлттық коалиция мүшелері көпшілікті ел үшін маңызды шешімді бірге қабылдауға шақыруда.
Осы жылдың 15 наурызында саяси науқаннан жол саласының мамандары да тыс қалмақ емес. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Болатбек Айтбаевтың төрағалығымен өткен онлайн форматтағы басқосуда алдағы референдумның мән-маңызы сөз болды. Болатбек Қабланбекұлы өз сөзінде мемлекеттің дамуына әсер ететін халықтық шараға қатысу – барша қазақстандықтарға жауапкершілік жүктейтінін алға тартып, өңір-өңірдегі әріптестерін ел болашағына үлес қосуға шақырды.