Тараз қаласындағы Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы базасында жүрек қантамырларының ауыр зақымдануы және инсульт қаупі жоғары пациентке күрделі жоғары технологиялық операция сәтті жүргізілді.
Пациенттің жағдайы ұйқы артерияларының айқын зақымдануымен күрделенген. Тексеру нәтижесінде бір артерияда сыни деңгейдегі тарылу, ал екіншісінде тромбоз анықталды. Мұндай клиникалық жағдайда жасанды қан айналымы аппаратын қолдану арқылы жасалатын стандартты операция инсульт қаупін едәуір арттыратыны белгілі.
Осыған байланысты мамандар консилиумы стратегиялық маңызды шешім қабылдап, жүректі тоқтатпай, жасанды қан айналымы аппаратына қоспай, соғып тұрған жүректе коронарлық шунттау операциясын (OPCAB әдісі) орындады.
Аталған әдіс қолқаға жасалатын манипуляцияларды барынша азайтуға, эмболиялық асқынулар қаупін төмендетуге, инсульт ықтималдығын азайтуға және ағзаға түсетін жүктемені жеңілдетуге мүмкіндік береді.
2026 жылғы 28 қаңтарда пациентке үш тамырлы коронарлық шунттау операциясы сәтті жасалды. Операция барысында жүрек тоқтатылмай, үздіксіз соғып тұрды. Гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақты сақталып, операция кезінде асқынулар тіркелген жоқ.
Операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтті. Неврологиялық тапшылық белгілері анықталмады, жүрек қызметі толық сақталды. Пациент қанағаттанарлық жағдайда стационардан шығарылды.
Операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында жүргізілді.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.