Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемесінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында сотталған азаматтар өздерінің аналары мен жұбайларын мерекемен құттықтап, оларға деген ыстық ықыластары мен алғыстарын білдірді.
Мекеме әкімшілігінің ұйымдастыруымен сотталғандар жақындарына арнап жылы лебіздерін айтып, мерекелік құттықтау жолдады. Кейбір сотталған азаматтар аналарына деген сағыныштарын жеткізіп, олардың берген тәрбиесі мен қолдауы үшін алғыс білдірді.
Мұндай іс-шаралар сотталған азаматтардың отбасы құндылықтарын қадірлеуіне, жақындарына деген құрмет пен жауапкершілік сезімін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, олардың қоғамға қайта бейімделуіне және дұрыс жолға түсуіне оң ықпал етеді.
Мекеме әкімшілігінің айтуынша, тәрбиелік бағыттағы мұндай шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады.