Біз кз

ҚАЖ қызметкерлері ұлттық киімді ұлықтады

18 наурыз – Наурызнаманың бесінші күні – Ұлттық киімді ұлықтауға арналады. Айтулы күнді ҚАЖ қызметкерлері айрықша сән-салтанатымен атап өтті.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінің қызметкерлері ұлттық нақыштағы киім киіп, ерекше әсерге бөленді.

Жалпы, бұл күн ұлтымыздың бет-бейнесіне сән беретін киім үлгілеріне деген құрметіміздің жарқын көрінісі.

Айта кетейік, бүгінгі таңда №26 түзеу мекемесінде 60 жуық адам қызмет етеді. Оның ішінде, 50-ден астамы жеке құрам қызметкерлері болса, қалғаны еркін жалдамалы қызметкерлер.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.