
Бүгін өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде кезекті рет аппараттық жиын ұйымдастырылды. Басқосу барысында мекеме бастығы, әділет полковнигі Ермек Джалгасбаев жеке құрам қызметкерлерінің алдына нақты міндеттер қойды. Ол өз сөзінде ҚАЖ қызметкерлерінен мекемедегі құқықтық тәртіпті нығайту, жазасын өтеушілердің арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстарды жетілдіру және сотты болғандарды жұмыспен қамтамасыз ету бағытында кешенді жоспарларды өз деңгейінде орындалуы талап етілетінін баса айтты. Сондай-ақ жиын барысында бірқатар бөлім басшылары баяндама жасады.
Айта кетейік, жоспарға сай өтетін саптық байқауда мекеме қызметкерлерінің сыртқы түр-сипаты, үлгілік киімі, қызметтік куәліктері мен айырым белгілерінің талаптарға сай болуы тұрақты түрде тексеріледі. Бұдан бөлек тәртіп сақшыларының ұқыптылығы мен жинақылығы, киімінің мұнтаздай таза болуына ерекше көңіл бөлінеді.
Бүгінгі таңда №26 түзеу мекемесінде 60 жуық адам қызмет етеді. Оның ішінде, 50-ден астамы жеке құрам қызметкерлері болса, қалғаны еркін жалдамалы қызметкерлер.