Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №58 мекемеде қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрін насихаттау мақсатында «Тоғыз құмалақ» ұлттық ойыны ұйымдастырылып, тәрбиелік-танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға тоғыз құмалақ ойынының шығу тарихы, оның ұлттық мәдениеттегі орны және ойынды ойнау ережелері түсіндірілді. Қатысушылар белсенділік танытып, ойынға қызығушылықпен қатысты. Бұл шара ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, жастардың ойлау қабілетін дамытуға және қазақтың дәстүрлі ойындарын кеңінен таныстыруға бағытталды.
Ойын барысында қатысушылар бір-бірімен жарысып, өздерінің логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар, шара достық атмосферада өтіп, ұлттық рухты көтеруге үлкен әсерін тигізді.
Осындай тәрбиелік маңызы бар ұлттық ойындарды өткізу алдағы уақытта да жалғасын табады деп жоспарлануда.