Біз кз

Сотталған азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемесінде сотталған азаматты жеке мәселелері бойынша қабылдау ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Е.Т. Қуанышев сотталғанды жеке сұрақтарымен қабылдап, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қатысты,медициналық қызмет көрсету мәселелері бойынша тыңдады. Қабылдау барысында көтерілген сұрақтарға заң аясында түсіндірме беріліп, тиісті бағыттар бойынша кеңестер ұсынылды.

Мұндай кездесулер сотталған азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың заң аясындағы сауаттылығын арттыруға бағытталған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.