Жуырда облыс орталығындағы Жастар аллеясында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкенің мақсаты — Тараз қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған, жұмыссыз қоғамнан оқшаулауды қажет етпейтін жаза түрлеріне сотталғандардың қайта қылмыс жасаудың алдын алу және жұмыспен қамту.
Оған қалалық жұмыспен қамту және Жастар ресустық орталығының сондай-ақ қалалық пробация бөлімдерінің қызметкерлері мен есепте тұрған сотталғандар жұмыс іздеуші ретінде қатысты.
Жәрмеңкеге 55 жұмыс беруші мекемелерден 272 бос жұмыс орындарын ұсынылды. Олардың ішінде аспазшы, дәнекерлеуші, құрылыс жұмысы, электрик т.б мамандықтары бар. Нәтижесінде пробация қызметінің есебінде тұрған бірқатар жазасын өтеушілер ақылы жұмысқа орналастырылса, өзгелері бос жұмыс орындарына жолдама алды.
Қуаныш КАЛЫК,
Тараз қалалық №3 пробация бөлімінің бастығы әділет майоры