Біз кз

Нәтиже — бірлесе атқарған жұмыста

Жамбылда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында күштік құрылым қызметкерлері бірлесе жұмыс атқаруда. Олар түрлі деңгейдегі басқосуларда алдын алу шараларының әрбір сәтін пысықтап, өзара пікір алмасады.

Жуырда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде әділет полковнигі Нияз Рыспаевтың төрағалық етуімен Оңтүстік аймағының әскери прокуратура және Ұлттық Ұланның 5513 әскери бөлімінің басшылығының қатысуымен жұмыс кездесуі өтті. Жиын барысында ҚР Ұлттық Ұлан Бас қолбасшылығы және ҚАЖ комитетімен өткізілген ведомствоаралық кеңесте қойылған талаптардың тиісті деңгейде орындалуына баса назар аударылды. Ұлттық Ұлан 5513 әскери бөлім командирі полковник Даурен Джагипаров өз сөзінде талқыланған мәселелер бойынша әскери қызметшілер мекеме әкімшілігімен тең дәрежеде күн сайын еңбек ететіндігін жеткізді. Сондай-ақ, мекеме қызметкерлері және 5513 әскери қызметкерлері арасында күнделікті жұмыс барысында кездесетін іс-қимыл әрекеттерін жандандыру және тәжірибе алмастыру мақсатында сабақтар үнемі жүргізілетініне тоқталды.

Кездесудің соңында өңірлік ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Қанат Жарылғапов ведомствоаралық және одан әрі өзара іс-қимыл мәселелеріне кеңінен тоқталып, төтенше жағдайға жол бермеу бойынша жұмысты жандандыру қажеттігін тілге тиек етті. Бұл күні барлық талқыланған мәселелер хаттамаға енгізілді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.