Біз кз

Жамбылдан — Зерендіге

Ақмола облысының Зеренді ауылында өтетін жастардың VI съезіне Жамбыл облысынан 12 делегат аттанды.
«Amanat» партиясы Жастар қанатының кезектен жиынына баратын делегаттар ашық дауыс беру арқылы іріктелген болатын.
Сол сайлауда ең көп дауысқа ие болған түрлі санаттағы 12 азамат өңірдегі жастардың өзекті мәселесін тілге тиек ететін болады.
Айта кетейік, олардың қатарында ауыл жастары, жас депутаттар, жас кәсіпкерлер, спортшылар, мобилографтар мен субмәдениет өкілдері бар. Жастар қанатының кезектен тыс съезінде еліміздің барлық өңірінен 350 делегат бас қосып, өзара тәжірибе алмасатын болады. Сонымен қатар осыған дейін атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, алдағы жаңа міндеттер айқындалмақ. Еліміздің барлық өңірінен келген делегаттар жастар қанатының қызметін жақсарту бойынша ғана емес, жалпы мемлекеттің дамуы үшін экономикалық, әлеуметтік, мәдени сипаттағы жаңа идеяларды ұсынбақ.
— «AMANAT” партиясы Жастар қанатының кезектен тыс VI сьезіне Жамбыл облысынан 12 делегат сайланды.
Тарихи жиында ұйымның жарғысына жалпы жұмысына жаңа бағыттар қосылатын болады.
Зеренді демалыс аймағында еліміздің әр түпкірінен жиналған жастар ең өзекті деген жастар мәселелерін талқылап, шешу жолдарын ұсынатын боламыз», — дейді Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Уәли Болатбек.
Ал Тараз қалалық мәслихатының ең жас депутаты Медет Нұрділда:
» Осыдан бірнеше уақыт бұрын өзіміздің өңірлік «Аманат» партиясы Жас Отан жастар қанаты бізге хабарласып, ұсыныс білдірген болатын. Сол кездегі біздің қуанышымыз өте керемет болды. Осы республикалық съезде Зеренді ауылында Жас Отан жастар қанатының көптеген өзгерістері талқыланатын болады. Сол Зерендідегі көңіл күйлерімізді әлеуметтік желі арқылы жеткізетін боламыз», деген жүрекжарды қуанышымен бөлісті.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.